Танымал қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар поп-ММА жұлдызы Артем Тарасовпен жекпе-жек өткізеді. Айқас Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, Еркебұлан Тоқтар IBA Nomad 15 турнирі аясында октагонға шығады.
"Екеуі де көрерменге тартысты жекпе-жек көрсетіп, жанкүйерлерге нағыз шоу сыйлауға дайын", – делінген хабарламада.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, кездесу 4 шілде күні Алматыда өтеді.
Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы Артем Тарасов бұл жекпе-жекке келісімшартқа қол қойған сәтінің видеосын жариялады.
"Кездескенде қайсымыз мықты екенімізді білеміз", – деп Артем Тарасов Еркебұланға үн қатты.