"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов қасиетті Мекке қаласынан әсерлі жазба жариялап, ерте өмірден өткен ата-анасын еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі бұл сапарға бауырымен бірге барғанын айтып, киелі мекенде ата-анасының рухына ниет еткенін жеткізді.
"Әкемнен 4 жасымда, анамнан 17 жасымда, ерте айырылғандықтан, олардың үмітін ақтай алдым ба, білмеймін… Сол кісілердің атынан ниет етіп, осы киелі мекенге келдік. Баршаңызға дұға жасадық. Алла қабыл етсін", – деп жазды әнші.
Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларын тебірентіп, көпшілік оған жылы лебізін білдірді. Жұрт өнер иесіне ата-анасының рухы разы болсын деп тілектестік танытты.