Ақтөбе облысында мектеп жұмысшысы суға батып қаза болды

/
Ақтөбе облысында мектеп жұмысшысы суға батып қаза болды

Ақтөбе облысында соңғы қоңырау күні мектеп жұмысшысы көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, соңғы қоңыраудан кейін демалыс кезінде мектеп жұмысшысысуға батып, қайтыс болған.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының мәліметінше, 59 жастағы ер адам мектепте слесарь болып жұмыс істеген. 25 мамыр күні түскі үзіліс кезінде ол отбасы және достарымен бірге Қуғаш өзенінің бөгетіне демалуға барған. Қайғылы жағдай сол жерде болды.

Аталған орын шомылуға арналмаған. Куәгерлер ер адамды құтқарушылар келгенге дейін судан шығарып алған. Ол сол сәтте тыныс алмай жатқан. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тынысы қалпына келтірілген. Кейін зардап шегуші Бадамша ауылындағы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол қайтыс болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары