25 мамырда жоғалып кеткен 7 жастағы бала Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда дамуында ерекшелігі бар бала жоғалып кеткенін жазған едік. Еріктілер, құтқарушылар мен құқық қорғау органы өкілдері баланы түні бойы іздестірген.