Павлодар облысында жер сілкінді

/
Павлодар облысында жер сілкінді
istockphoto.com

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәліметінше, магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Екібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде және Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 24 мамыр күні Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болған еді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары