"9 ай үнсіз болдық": Жанәбіловтер араға біраз уақыт салып жазба жариялады (ВИДЕО)

/
"9 ай үнсіз болдық": Жанәбіловтер араға біраз уақыт салып жазба жариялады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Екі жылға бас бостандығынан айырылған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі белсенділігін қайта бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлі-зайыпты Instagram парақшасында видео жариялап, қиын кезеңде өздеріне қолдау білдірген оқырмандары мен жақындарына алғыс айтты.

"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті соттар,уайым,отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен.

Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға Рахмет", – деп жазды Эльмира Төлегенова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары