«Суға батып кетті»: Жарнама үшін пранк түсірген блогер қамауға алынды

/
«Суға батып кетті»: Жарнама үшін пранк түсірген блогер қамауға алынды
видеодан скриншот

Астанада блогер шаурма сататын орынға жарнамалық ролик түсірмек болып, адамның суға батып жатқанын қолдан ұйымдастырған. Алайда оның әрекеті әкімшілік іске себеп болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогер қоғамдық тамақтану орнын жарнамалау үшін суға батып жатқан адамға қатысты пранк ұйымдастыруды жоспарлаған. Ол тіпті полиция қызметкеріне «алғыс» айтып, оны отбасымен шаурма дәмханасына тегін келуге шақырмақ болған, бірақ тәртіп сақшысы одан бас тартқан.

Полиция оқиғаның Ескек есу каналы аумағында болғанын айтты.

«Ер адам құқық қорғау органы қызметкерін “тексермек” болып, суға батып жатқандай көрініс ұйымдастырған. Қызметіне бара жатқан мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері бірден әрекет етіп, су айдынына секірген. Алайда кейін бұл жағдайдың қолдан жасалғаны белгілі болды», – деп хабарлады полиция.

Нәтижесінде қойылымның авторы мен қатысушысы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оларға 15 және 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары