Таеквондошы Эльдар Бірімбай Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

/
Таеквондошы Эльдар Бірімбай Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстан құрамасы таеквондодан Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Эльдар Бірімбай қола медаль иеленді.

Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары