Петропавл тұрғыны Шымкентке барып, аса ірі көлемде есірткі таратқан

/
Петропавл тұрғыны Шымкентке барып, аса ірі көлемде есірткі таратқан
polisia.kz

Шымкент қаласының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мегаполис аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан Петропавл қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, күдікті сәуір айының соңында Шымкентке келіп, заңсыз әрекетін жасыру мақсатында тәуліктік пәтерлерді жалдап, мекенжайын жиі ауыстырып отырған.

Ол есірткі салынған орамаларды арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаттарын мессенджер арқылы таратқан.

Тексеру барысында күдіктіден мефедрон психотроптық заты салынған орамалар тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 75 граммды құрап, құны 2,5 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ер адам "курьерлік жұмыс" туралы ұсынысты интернеттегі хабарландыру сайттарының бірінен тапқан. Жеңіл табыс ретінде ұсынылған бұл жұмыс шын мәнінде есірткі таратумен байланысты болған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті қамауға алынды.

Полиция азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, интернеттегі күмәнді «жеңіл табыс» ұсыныстарына алданбауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары