Абай облысында өгей қызын қорлаған күдікті 20 жылға сотталды

/
Абай облысында өгей қызын қорлаған күдікті 20 жылға сотталды
istockphoto.com

Абай облысының Жарма ауданында ер адам өгей қызына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ісі бірнеше рет қайталанған. Кәмелетке толмаған қыз құқық қорғау органдарына жүгінген.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеу қамтамасыз етілді.

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмағанның өгей әкесі 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Облыс прокуратурасы азаматтарды кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға және құқық қорғау органдарынан көмек сұраудан қорықпауға шақырады. Уақтылы жүгіну балалардың құқықтарын қорғауға және кінәлілерді жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар