Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі өтпейтін болды

/
Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі өтпейтін болды
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың (2-0, 1 КО) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді деп жоспарланған турнирі ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ресми мәлімдеме. SaikouLush Boxing Promotions күтпеген жағдайларға байланысты "Bishkek Worldwide Clash" турнирінің тоқтатылғанын өкінішпен хабарлайды. Біз бұл оқиғаны асыға күткен барлық боксшылардан, командалардан, бапкерлерден, серіктестерден, демеушілерден және бокс жанкүйерлерінен шын жүректен кешірім сұраймыз. Барлық қатысушыларға келтірілген қолайсыздық үшін қатты өкінеміз.

Түсіністік танытып, қолдау көрсетіп, сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бұл шараны қолдаған барша жанға ризашылығымызды білдіреміз және болашақта бұдан да мықты болып ораламыз деп үміттенеміз", – делінген промоушннің ресми парақшасында.

Бішкекте 23 мамырда өтуі тиіс турнирде Сәкен Бибосынов индонезиялық Сурия Дхармаға (4-0, 3 КО) қарсы жұдырықтасуы керек болған.

Бұл жекпе-жек WBA Asia нұсқасының вакантты белбеуі үшін өтуі жоспарланған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар