Мальта үкіметі өз халқын тегін ChatGPT Plus-пен қамтамасыз етті

/
Мальта үкіметі өз халқын тегін ChatGPT Plus-пен қамтамасыз етті
сурет: the-geek.ru

Мальта үкіметі ел тұрғындарына бір жылға ChatGPT Plus қызметін тегін ұсынатынын мәлімдеді. Бұл – мемлекет деңгейінде жасанды интеллект сервистеріне жаппай қолжетімділік берілген алғашқы жоба, деп хабарлайды turkystan.kz engadget.com-ға сілтеме жасап.

Мальтаның Экономика, кәсіпкерлік және стратегиялық жобалар министрі Сильвио Шембри «азаматтардың цифрлық дәуірден қалып қоюына жол бермейміз» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, ел тұрғындары жаһандық технологиялық өзгерістердің алдыңғы қатарында болуға тиіс.

OpenAI компаниясының мәліметінше, бағдарлама аясында Мальта азаматтары мен тұрғындары ChatGPT Plus-қа қол жеткізу үшін алдымен  Мальта университеті әзірлеген арнайы AI-курсынан өтуі керек. Курс жасанды интеллект негіздерін және оны үйде әрі жұмыста жауапкершілікпен пайдалануды үйретеді.

Сонымен қатар қатысушыларда Еуроодақтың белсенді электронды сәйкестендіру аккаунты eID болуы қажет. Бағдарламаның алғашқы кезеңін осы айда  Malta Digital Innovation Authority іске қосады.

Мальта халқы шамамен 574 мың адамды құрайды. АҚШ-та ChatGPT Plus жазылымы айына 20 доллар тұрады.

OpenAI бұл серіктестікті «әлемдегі алғашқы осындай ауқымды мемлекеттік жоба» деп атады. Сонымен қатар компания Ұлыбританиядағы Stargate деректер орталығы жобасын әзірге тоқтатқанын хабарлады. Бұған электр энергиясының жоғары құны мен реттеу мәселелері себеп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары