Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халқымыздың арасындағы мызғымас бауырластықты нығайта береміз – Тоқаев

/
Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халқымыздың арасындағы мызғымас бауырластықты нығайта береміз – Тоқаев
Ақорда

Бүгін Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі жиында өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым. Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін», - деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар