Астанада Ұлттық ұлан оркестрі ашық аспан астында концерт қойды

/
Астанада Ұлттық ұлан оркестрі ашық аспан астында концерт қойды
Ұлттық ұлан

Астанадағы Есіл өзенінің жағасында Guard Next музыкалық жобасы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрінің мерекелік қойылымы өтті.

Әскери музыканттар елорда тұрғындары мен қонақтарына жарқын эмоция мен мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, қазақстандық эстраданың әскери-патриоттық композициялары мен танымал әндерін орындады. Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған ерекше концерт көпшіліктің назарын аударды. Олар таныс әуендерді қуана-қуана қосыла шырқап, әскери музыканттардың өнерін телефондарына түсіріп және осындай ерекше форматтағы құттықтау үшін алғыстарын жаудырды.

Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің сөз сөйлеуі іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұландықтар саптық шеберліктің жоғары деңгейін және салтанатты дайындықтың керемет элементтерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

— Біз жай ғана серуендеп жүргенбіз, күтпеген жерден әдемі концертке куә боп жатырмыз. Қаламызда осындай жобаларды көру өте қуанышты. Музыка, атмосфера, ұландықтардың өнері — бәрі жоғары деңгейде болды. Бұл шын мәнінде бізге жақсы көңіл-күй сыйлады, - деп, қала тұрғыны Жәния Қарбаева өз әсерімен бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін Guard Next жобасы аясында Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі Астананың жоғары оқу орындарында концерттер өткізіп, студенттерге жарқын музыкалық кештер сыйлаған болатын.

Ашық ауадағы акция қала тұрғындары үшін нағыз мерекелік сыйлық болды және тарихи сәттерді сақтаудың, Отан қорғаушыларға құрмет көрсетудің және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын тағы да еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары