Шекара бұзған үш мыңнан астам шетел азаматы ұсталды

/
Шекара бұзған үш мыңнан астам шетел азаматы ұсталды
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі сәуірдегі жұмыс нәтижесін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы сәуірде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 113 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 3 545 шетел азаматы.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 985 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

34 факті – есірткі заты;

48 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 бірлік атыс қаруы, 55 бірлік суық қару, 27 бірлік оқ-дәрілер);

403 факті – көлемі 30 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

372 факті – жалпы сомасы 825 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

128 факті – жалпы сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 18 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді.

Алдын алған шығын сомасы 503 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 9 қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары