Павлодарда жүк көлігімен адамдарды шекарадан заңсыз өткізбек болған күдікті ұсталды

/
Павлодарда жүк көлігімен адамдарды шекарадан заңсыз өткізбек болған күдікті ұсталды
polisia.kz

Павлодар облысында заңсыз көші-қонның жасырын арнасы әшкереленді. Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы операция барысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзит ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде көрші елдің азаматы ұсталды. Ол өз отандастарын Ресей Федерациясы арқылы Қазақстан аумағына заңсыз тасымалдау схемасын ұйымдастырған.

Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін күдікті MAN жүк көлігін пайдаланған. Көлікті тексеру барысында жедел қызметкерлер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған құпия орынды анықтады.

Автокөлік тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

— Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша, көлік құралын ұсыну және ілеспе қызметтер көрсету арқылы қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және күдіктінің өзге де осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Полиция заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыруға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары