Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі, дзюдошы Нұрәділ Әлжан Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam санатындағы турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық рейтингтік додада жарыстың алғашқы күні-ақ қазақстандық спортшы жүлде үшін белдесуге дейін жетті. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресті.
Шешуші белдесуде Нұрәділ Әлжан Ресей құрамасының өкілі Ачыта Домбуумен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, ол жарыстың қола жүлдегері атанды.
Бұл – 22 жастағы дзюдошының Grand Slam деңгейіндегі турнирлердегі алғашқы медалі.
Айта кетейік, Душанбедегі жарыс 3 мамырға дейін жалғасады. Турнирге 34 елден шамамен 240 спортшы қатысып жатыр.