Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесі арқылы 2,8 млрд теңге пайда тапқан

/
Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесі арқылы 2,8 млрд теңге пайда тапқан
istockphoto.com

Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық әрекет оған аса ірі мөлшерде заңсыз кіріс әкелген.

Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрде соттауды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге — онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары