«Теңізшевройл» компаниясына 53,7 млн теңге айыппұл салынды

/
«Теңізшевройл» компаниясына 53,7 млн теңге айыппұл салынды
Фото: tengizchevroil.com

Атырау облысының Экология департаменті «Теңізшевройл» компаниясының ластаушы заттарды көп шығарғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты компанияға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Материалдар Жылыой аудандық сотының қарауына жолданды.

Іс қарау қорытындысы бойынша 2026 жылғы 20 сәуірдегі сот қаулысымен компания кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айыппұл сомасы 53,7 млн теңгені құрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары