Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім өгей әкесінің қолынан қаза тапты

/
Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім өгей әкесінің қолынан қаза тапты
istockphoto.com

Жітіқарада 15 жастағы жасөспірім анасын қорғамақ болып, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 25 сәуір күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Ұрыс кезінде 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Әйелдің бұрынғы некеден туған 15 жастағы ұлы анасын қорғауға тырысқан. Бірақ ол оқиға болған жерде алған жарақатынан көз жұмған.

«Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – әйелдің күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Қостанай облысының полициясы.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары