«Қарғыс пен орынсыз сөздер...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі өзін сынайтындарды орнына қойды

/
«Қарғыс пен орынсыз сөздер...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі өзін сынайтындарды орнына қойды
Әлеуметтік желіден

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы өзіне айтылатын хейт пен сынға қалай қарайтынын айтты. Ол желідегі жағымсыз пікірлерді жүрекке жақын қабылдамайтынын жеткізді, деп жазады turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында хейт пікірлерге өкпелемейтінін айтып, мұндай жазбаларға әзілмен қарайтынын жасырмады.

"Мен хейттерді, қарғыстарды, орынсыз сөздерді жүрекке де, өкпеге де алмаймын. Керісінше, ондайларға әзілмен қараймын. Өздері жауап күтеді. Жәй ғана жүректері ауырмасын деймін. Жазған соң жауап беру керек қой", – деп жазды ол.

Айман Талғатқызының бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары