Көлігін мас танысына жүргізуге берген Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

/
Көлігін мас танысына жүргізуге берген Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды
polisia.kz

Павлодарда мас күйдегі жүргізушіге рөл бергені үшін екі азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңір полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын күн сайын қатаң бақылауда ұстап отыр. Жыл басынан бері мас күйде көлік басқарудың шамамен 300 дерегі тіркелген.

Түнгі уақытта Академик Шөкин көшесінде патрульдеу барысында полицейлер Lada-21144 автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде отырған 24 жастағы ер адамның мас күйде екені бірден байқалған. Тексеру барысында автокөлік иесінің жолаушы орнында отырғаны және оның да алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Белгілі болғандай, ол көлікті мас күйдегі танысына басқаруға берген.

Медициналық сараптама екі азаматтың да алкоголь қолданғанын растады. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

 Полиция еске салады: көлікті мас күйдегі адамға басқаруға беру – өрескел құқық бұзушылық және ол мас күйде көлік жүргізумен тең жауапкершілікке әкеледі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жауапкершілік танытып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары