Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші әлеуметтік желілерде жариялау үшін қала көшелерінің бірінде дрифт жасаған. Полиция қызметкерлері оны анықтап, автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Мұндай көрсетілім үшін жасалатын әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады, — деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.