Үндістанда Қазақстандық жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 жастағы жасөспірімде онкологиялық ауру анықталғаны туралы видео тараған болатын. Туыстарының айтуынша, ол үнемі энергетикалық сусындар ішіп, вейп қолданған
Уақыт жоғалтпай, жақындары оны жедел ем алу үшін Үндістанға алып кеткен, алайда өкінішке қарай, жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы оның әпкесі Перизат Болатқызы Threads желісінде жазған.
«Құрметті Қазақстан халқы! Ағамның денесін елге жеткізу үшін шұғыл көмек сұраймын. Елшіліктің көмегі қажет. Ол қатерлі ісікті емдеу үшін Үндістанға барған еді. Бүгін жүрегінде пайда болған тромбтың үзіліп кетуінен қайтыс болды», – деп жазған ол екі күн бұрын.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Үндістанда қайтыс болған Қазақстан азаматы С.Сәбиттің денесі кеше таңертең елге жеткізілген.
«Тиісті консулдық рәсімдер аяқталды, марқұмның денесі жерлеу үшін туыстарына тапсырылды», – деп хабарлады ведомство.