Ақтөбеде әуежай жолында жарысқан жүргізушілер ұсталды

/
Ақтөбеде әуежай жолында жарысқан жүргізушілер ұсталды
polisia.kz

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері әуежайға апаратын автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнебақылау камераларына күндізгі уақытта BMW және Chevrolet автокөліктерінің жоғары жылдамдықпен қозғалып, қауіпті маневрлер жасап, іс жүзінде көше жарысын ұйымдастырғаны тіркелген. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды. Заң аясында жауапқа тартылды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жолдағы мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және оның ауыр салдары бар екенін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары