Президент орнықты келешек қалыптастыруда үшін қажетті негізгі қағидаттарды атады

/
Президент орнықты келешек қалыптастыруда үшін қажетті негізгі қағидаттарды атады
Ақорда

Мемлекет басшысы экологиялық күн тәртібі адамзаттың болашағына тікелей қатысты стратегиялық мәселе екенін атап өтіп, орнықты даму үшін жауапкершілік, әділеттілік және халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына сүйену қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр.

Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық.

Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:

  • халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;
  • шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;
  • ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;
  • нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;
  • ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.

Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.

Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз», - деді Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары