Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Тараз – Шымкент» автожолының 546-557 шақырым аралығындағы учаскесінде және жол пайдалану пункті аумағында (ескі Құйық асуы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 549 шақырымда (жаңа Құйық асуы) авариялық тұйық салу жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жобаның жалпы ұзындығы 12,353 шақырымды құрайды. Нысанда 55 бірлік техника мен 82 жұмысшы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда бірқатар негізгі жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, 12 дана темірбетон құбыр орнатылады, ол үшін съездердегі еңістер мен су өткізу арналарын бекіту үшін бетондау жұмыстары жүргізілуде.
Авариялық тұйық құрылысы 40 пайызға орындалды.
Жол пайдалану пункті аумағында тұз қоймасының ригельдерін бетондаудың екінші кезеңіне дайындық жұмыстары басталды.
Сондай-ақ су өткізу құрылыстары бойынша бетондау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
9 шақырымдық учаскеде қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді.
Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.