Қазақстандық боксшылар Әлем кубогының алғашқы күнінде күтпеген нәтижеге тап болды

/
Қазақстандық боксшылар Әлем кубогының алғашқы күнінде күтпеген нәтижеге тап болды
Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі. Суретте: Назым Қызайбай

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық боксшылар алғашқы күннің күндізгі сессиясында бір жеңіс пен екі жеңіліс тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

А рингінде 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назым Қызайбай 1/16 финалда түркиялық Айшен Ташкынды төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Сол рингте 90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов 1/8 финалда бразилиялық Исайас Фильоға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (0:5) есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Ал В рингінде 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансері Көшербаев 1/16 финалда ирландиялық Джуд Галлахерге төрешілердің шешімімен жол берді.

Айта кетейік, Фос-ду-Игуасудағы жарыс 26 сәуірге дейін жалғасады. Турнирге 50 елден 400-ден астам боксшы қатысуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар