Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарының қамтамасыз етілуіне бақылауды күшейтті. Ақсу ауданында жүргізілген талдау жергілікті мектептердің қызметінде денсаулық сақтау стандарттарының жүйелі түрде бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Медициналық пункттердің қажетті дәрілік заттармен және жабдықтармен жасақталмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, бірқатар мектептерде оқушылар саны белгіленген нормативтен асса да, штаттық медицина қызметкерлері көзделмеген. Соның салдарынан 3 мыңнан астам бала дер кезінде медициналық көмек алу құқығынан іс жүзінде шектелген. Бұл ҚР Конституциясы мен заңнамасының нормаларын тікелей бұзу болып саналады.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды, жауапты органдар бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.
Кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау облыс прокуратурасы қызметінің басым бағыттары болып қала береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс бұзылған құқықтарды уақтылы қалпына келтіруге және алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік береді.