Таиландта мысыққа қарсы қылмыстық іс қозғалды

/
Таиландта мысыққа қарсы қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзден

Таиландтың Бангкок қаласында ерекше әрі күлкілі жағдай тіркелді. Көшеден табылған мысық полиция бөлімшесіне жеткізілгенімен, ол жерде күтпеген әрекет көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті тұрғын адасып кеткен қысқа жүнді мысықты иесін табу мақсатында полицияға тапсырған. Алайда жануар бөлімшеде өзін сабырлы ұстамай, полицейлерді тырнап, тістеп, "қарсылық" танытқан.

Осыдан кейін құқық қорғау қызметкерлері жағдайды әзілмен қабылдап, мысықты "тәртіп бұзушы" ретінде тіркеуге шешім қабылдаған. Олар жануардың фотосын түсіріп, "саусақ іздерін" алғандай кейіп танытып, бүкіл процесті қылмыскерді ұстағандай рәсімдеп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Кейін белгілі болғандай, бұл әрекеттер мысықтың иесін тезірек табу мақсатында жасалған.

Тіпті, әзіл ретінде "куәлікке" мысықтың атынан: "Кінәмді мойындаймын, қарным ашып, қорқып кеткен соң полицияға шабуыл жасадым", – деген жазба да енгізілген.

Нәтижесінде, көп ұзамай мысық "ақталып", келесі күні өз иесіне қайтарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар