Ұлттық құрама Әлем кубогіне қатысатын боксшылардың есімдерін жариялады

/
Ұлттық құрама Әлем кубогіне қатысатын боксшылардың есімдерін жариялады
instagram.com/qaz_team_official. Суретте: Назым Қызайбай

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем кубогінің алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін таныстырды. Байрақты бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ерлер құрамасы 9 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, рингке Даниял Сәбит (50 кг), Бағлан Кенжебек (55 кг), Жансері Көшербаев (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг), Фарух Тоқтасынов (70 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) және Дәулет Төлемісов (90 кг) шығады.

Ал әйелдер құрамасы 7 салмақ дәрежесінде бақ сынамақ. Құрама сапында Алуа Балқыбекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (70 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг) және Валерия Аксенова (+80 кг) бар.

Айта кетейік, турнир 2026 жылдың 20-26 сәуір аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде.

Құрама сапында әлем чемпиондары Аида Әбікеева, Алуа Балқыбекова және Назым Қызайбайдың болуы турнирдің тартысын арттыра түспек.

Сондай-ақ ерлер құрамасында да үміт күттіретін жас таланттар бар. Солардың бірі – жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Санжарәлі Бегалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар