Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан ортақ келісімге келді

/
Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан ортақ келісімге келді
ТЖМ. Суретте: AZAL әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшыраған жер

2024 жылдың соңында Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты Ресей мен Әзербайжан ортақ мәмілеге келгенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады , деп жазады turkystan.kz.

Келісімге сәйкес, AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты барлық мәселелер, соның ішінде өтемақы төлеу жағы толық реттелген.

Ресми деректер бойынша, қайғылы оқиғаға Ресей әуе кеңістігіндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің абайсызда іске қосылуы себеп болған.

Мәлімдемеде қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу және апаттың салдарын жою шаралары толық шешімін тапқаны атап өтілді. Сонымен қатар бұл келісім екі ел арасындағы сенімге негізделген серіктестіктің нығайғанын көрсететіні айтылды.

"Ресей мен Әзербайжан арасындағы байланыстар өзара құрмет пен мүдделерді ескеру негізінде одан әрі дамып, тату көршілік қатынастарды күшейтеді", – делінген құжатта.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары апаттан қаза тапқандардың жақындарына тағы да көңіл айтып, бұл трагедияның ортақ қайғы екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтаудан үш шақырым жерде құлаған. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның 38-і қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар