Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында екінші рет жеңілді

/
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Әлем чемпионатында екінші рет жеңілді
olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан IB дивизионындағы әлем чемпионатында екінші рет жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші кездесуде қазақстандықтар Нидерланд құрамасына қарсы мұз айдынына шықты.

Бұл ойында қарсылас команда басым түсіп, матчты 3:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойында да ұтылды. Бұған дейін біздің хоккейшілер Латвияға буллит сериясында есе жіберген болатын.

Келесі матчта ұлттық құрама Испаниямен ойнайды. Ойын 15 сәуірге жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары