Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

/
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Оlympic.kz

Бүгін бокстан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары