Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында жеке кәсіпкер К-ға қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу немесе тіркеусіз не лицензиясыз (рұқсатсыз, хабарламасыз) әрекеттерді жүзеге асыру фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы ақпан айында «Аят» автомобильдік өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде жалпы салмағы 3770 кг болатын жүк — түсті металл қалдықтары мен жез радиаторларды тасымалдаған азамат ұсталған. Жүктің заңды шығу тегі мен тасымалдануын растайтын құжаттар болмаған. Аталған жүк жеке кәсіпкерге тиесілі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тауар үлгілері тазартылған мыс сынықтары мен қалдықтарына жатады.
Сот талқылауы барысында жеке кәсіпкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, қарау және алу актілері, сондай-ақ фото және бейне тіркеу материалдары сияқты жол берілетін және сенімді дәлелдемелердің жиынтығымен дәлелденді.
Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Істің мән-жайларын ескере отырып, сот жеке кәсіпкер К-ға 108 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынғанын ескере отырып, сот тәркіленген жүктi мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.