Доллар бағасы бірден 12 теңгеге көтерілді

/
Доллар бағасы бірден 12 теңгеге көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,31 теңгені құрап, 12,32 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Ұлттық банкінің 8 сәуірдегі ресми доллар бағамы – 460,37 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 476,62 теңге, сату бағамы – 479,49 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 472,96 теңгеден сатып алып, 480 теңгеден сатады. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа 476,64 теңгеден сатып алып, 479,27 теңгеден сатады.

Еске салайық, 26 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,05 теңгеге төмендеді, 27 наурызда 0,63 теңгеге өсті, 30 наурызда 1,35 теңгеге төмендеді, 31 наурызда 2,7 теңгеге төмендеді, 1 сәуірде 3,06 теңгеге төмендеді, 2 сәуірде 2,76 теңгеге төмендеді, 3 сәуірде 1,96 теңгеге төмендеді, 6 сәуірде 4,07 теңгеге төмендеді, 7 сәуірде 4,88 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары