Алматылық оқушылар «Бір түп ағаш – болашақтың кепілі» экоакциясына қатысты

/
Алматылық оқушылар «Бір түп ағаш – болашақтың кепілі» экоакциясына қатысты
gov.kz

2026 жылдың 7 сәуір күні Алматы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері №45 мектеп оқушыларымен бірлесіп «Бір түп ағаш – болашақтың кепілі» атты экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Акция барысында өткен жылы отырғызылған екпе көшеттер мектеп ауласының ашық топырағына көшіріліп егілді. Сонымен қатар, қорық қызметкерлері арнайы алып келген қайың ағаштарын оқушылардың қатысуымен мектеп ауласына отырғызды.

Іс-шара тек көгалдандыру жұмыстарымен шектелмей, табиғатқа жанашырлықты арттыру мақсатында құстарға арналған ұялар ілу жұмыстары да ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары