Пәндік тест тоқтатылады: Министр мұғалімдерге жақсы жаңалық айтты

/
Пәндік тест тоқтатылады: Министр мұғалімдерге жақсы жаңалық айтты
Фото: parlam.kz

Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрметті ұстаздар! Сіздерге арналған сүйінші жаңалық бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл өте жақсы. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зоп сенім артып, үлкен жанашырлық танытып отыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын, - деді Сүлейменова

Берілген мәліметке сәйкес, педагогтердің білімін тексеруге арналған аталған тестілеу жүйесі енді қолданылмайды. Тиісті шешім бойынша ресми хат өңірлік білім басқармаларына жолданған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары