"Лайық емес": Жәнібек Әлімханұлы тағы бір чемпиондық титулынан айрылуы мүмкін

/
"Лайық емес": Жәнібек Әлімханұлы тағы бір чемпиондық титулынан айрылуы мүмкін
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Бокс тақырыбында апта сайынғы подкаст жүргізетін Ringside Fracas парақшасы британдық боксшы Дензел Бентлидің жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

4 сәуір күні Лондонда өткен жекпе-жекте Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта нокаутпен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанды.

Ringside Fracas парақшасының мәліметінше, бұл жағдайдан кейін WBO қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық титулын қайтарып алуы тиіс.

"Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы болуы керек. Жәнібек ешқандай титулға лайық емес. Кеше кешкісін Бентли өз міндетін толық орындады", – деп жазды ресурс.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы өткен жылдың желтоқсанында алынған допинг сынамасынан мельдоний табылғаннан кейін бір жылға спорттан шеттетілген еді. Соған қарамастан, WBO ұйымы оған чемпиондық мәртебесін сақтап қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар