Шерзат Болаттың өлімі бойынша сотталғандар Кассациялық сотқа шағым түсірді

/
Шерзат Болаттың өлімі бойынша сотталғандар Кассациялық сотқа шағым түсірді
Ғаламтор

Шерзат Болаттың өлімі бойынша 15 және 7 жылға бас бостандығынан айырылған екі сотталушы Кассациялық сотқа кассациялық шағым түсіріп, үкімді қайта қарауды және ақтауды талап етіп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біз сіздерге шұғыл түрде үндеу жасауға мәжбүрміз. Бүгін Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар түсті. Алайда олармен танысу мүмкіндігі бізге енді ғана берілді. Соған қарамастан сот отырысы ертеңге белгіленіп отыр. Құрметті достар, сіздерден қолдау сұраймыз. Азамат Тоқтаубай мен Дидар Қалиахметтен кассациялық шағымдар келіп түсті. Екеуі де шығарылған үкіммен келіспейді. Азамат Маратбекұлы Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Дидар Еркінұлы Қалиахмет — 7 жылға сотталған. Екеуі де өздерін ақтауды сұрайды», — деді Мейірман Шекеев Instagram парақшасында.

Іс бойынша сот отырысы бүгін, 7 сәуірге белгіленген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары