Доллар бағасы 465 теңгеге түсті

/
Доллар бағасы 465 теңгеге түсті
istockphoto.com

Айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы төмендеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 462,78 теңге, ал сату бағамы – 465,39 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 463 теңгеден сатып алып, 470 теңгеден сатып жатыр. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 464,43 теңгеден сатып алып, 466,48 теңгеден сатуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 6 сәуірге белгіленген ресми доллар бағамы 470,46 теңгені құрайды.

Еске салайық, 16 наурыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,49 теңгеге төмендеді, 17 наурызда 6,59 теңгеге төмендеді, 18 наурызда 3,2 теңгеге өсті, 19 наурызда 0,23 теңгеге төмендеді, 20 наурызда 0,38 теңгеге өсті, 26 наурызда 0,05 теңгеге төмендеді, 27 наурызда 0,63 теңгеге өсті, 30 наурызда 1,35 теңгеге төмендеді, 31 наурызда 2,7 теңгеге төмендеді, 1 сәуірде 3,06 теңгеге төмендеді, 2 сәуірде 2,76 теңгеге төмендеді, 3 сәуірде 1,96 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары