Абай облысында әкімдік қызметкерлердің мерейтойына заңсыз ақша берген

/
Абай облысында әкімдік қызметкерлердің мерейтойына заңсыз ақша берген
istockphoto.com

Бородулиха ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, әкімдік қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек көрсетілген.

Қолданыстағы қағидалардың талаптарын бұза отырып, жергілікті органдар бюджет қаражатының үнемделген есебінен қызметкерлердің мерейтойлық күндеріне байланысты 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық көмек төлеген.

Бұдан бөлек, қызметкерлермен жасалған ұжымдық шарттарда қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін нормалар қамтылған.

Аталған шарттар 247 қызметкердің Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда қысқа мерзімді демалыс алу, жұмыстың тоқтатылуы кезеңінде жалақыны сақтау және өзге де кепілдіктерге қатысты құқықтарын шектеген.

Аудан прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде ұжымдық шарттар заңнама талаптарына сәйкес келтірілді, ауылдық округ әкімінің өкімі жойылып, заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары