"Біз дайынбыз": Әнші Қарақат Әбілдина ұлының қашан үйленетіні туралы айтты (ВИДЕО)

/
"Біз дайынбыз": Әнші Қарақат Әбілдина ұлының қашан үйленетіні туралы айтты (ВИДЕО)
instagram.com/karakat_a. Суретте: Қарақат Әбілдина

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина тұңғышы Бекболат Болмановтың қашан үйленетіні туралы ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жұбайы Қыдырәлі Болмановпен бірге қонақ болып, бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірді.

Бағдарлама барысында көрсетілген естелік видеодан кейін әнші өткен күндерді сағынышпен еске алды.

"Естелік видеоны көріп, жылағым келді. Жастық шақ бәрібір ыстық. Бейнежазбадағы ұлым қазір отау құратын жаста", – деді Қарақат Әбілдина.

Сондай-ақ ол ұлының үйленуіне қатысты сұраққа жауап беріп, бұл шешімнің өзіне байланысты екенін атап өтті.

"Бұл сұрақты Бекболаттың өзіне қою керек. Біз дайынбыз. Жүрек деген сәті келгенде ешкімді тыңдамайды. Қашан жүрек әмір етсе, сол кезде той болады", – деді әнші.

Қарақат Әбілдина отбасы бұл қуанышты сәтке дайын екенін айтып, бәрі өз уақытымен болатынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары