Ұлытау облысында 11,2 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды

/
Ұлытау облысында 11,2 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды
istockphoto.com

Жаңаарқа ауданының прокуратурасы «Ulytau Gold Processing» ЖШС-нің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компания «Ашықтас» кен орнында жалпы құны 11,2 млрд теңгені құрайтын бағалы металдар өндіру жобасын іске асыруда. 

2025 жылдың қазан айынан бастап инвестор шамамен алты ай бойы рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған. Атап айтқанда, санитариялық-қорғау аймағы жобасының болмауы ұңғымаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартуға негіз болған. Бұл өз кезегінде нысанды пайдалануды және инфрақұрылымға қолжетімділікті шектеген. 

Прокуратураның араласуынан кейін жобалау ұйымымен және уәкілетті органмен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде бес айдан астам уақыт бойы шешілмеген мәселе 2026 жылы 20 күн ішінде реттелді.

 Инвестор қажетті барлық рұқсат беру құжаттарын алды, бұл кәсіпорынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Өндірісте шамамен 700 қызметкер жұмыс істейді. 

Ұлытау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға шақырады: 8 (775) 873-66-36, 8 (701) 999-28-07 немесе 115 Call-орталығына.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары