Діндар адамдардың радикалдануының негізгі ошағы – Интернет

Діндар адамдардың радикалдануының негізгі ошағы – Интернет

Діндар адамдардың радикалдануының негізгі ошағы – Интернет
ашық дереккөзі
228
Қазақстанда қазіргі уақытта жастар саны 4 млн шамасында. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, жастардың 79,6 пайызы дін ұстанады, оның 9,9 пайызы белсенді түрде дінге бет бұрған. Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Жастар арасындағы діни экстермизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Діндар адамдардың радикалдануының негізгі ошағы Интернет. Айталық, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық Интернет кеңістікте 100 мыңнан астам терроризм және экстремизм идеяларын тарату деректері анықталып, оларды жою шаралары қолға алынды. Құқық қорғау органдарының жүйелі жұмыстарының арқасында өткен жылдың 6 ай ішінде экстремизм және терроризм нышаны бар 315 қылмыс тіркелген. 12 экстремистік актілердің жолы кесілді. Мемлекет тарапынан жүйелі негізде халықтың түрлі деңгейлері арасында мақсатты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушылардың 32%-ы нысаналы сауықтыру шараларымен қамтылды», - деді Г.Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшының айтуынша, террористермен бірге шет елге кетіп, соғыс қимылдарына қатыспақ болған 91 қазақстандыққа елден шығуына тосқауыл қойылды. Террористік және діни-экстремистік сипаттағы қылмыстары үшін 123 адам сотталып, қылмыстық жазасын өтеуде. Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі таңдағы маңызды міндет - жастар мен әйелдердің бойында діни экстремистік ұйымдардың насихаттарына қарсы тұратын берік иммунитет қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Іс-шара соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова әйелдер мен жастар арасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.

Серіктес жаңалықтары