ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған екі баланы құтқарды

/
ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған екі баланы құтқарды
Видеодан скриншот

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ТЖМ қызметкерлері пәтерде қамалып қалған балаларды қауіпсіз шығарып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Жедел қызметтің 112 пультіне Б. Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйде екі баланың пәтер ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, анасы дүкенге шығып кеткен кезде балалар есікті өздері аша алмай қалған.

Құтқарушылар автосатының көмегімен 5-қабатқа көтеріліп, терезе арқылы ішке еніп, пәтер есігін ішінен ашты.

Пәтерде 2022 және 2023 жылы туған балалар болған. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ескерту жасайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары