Шешенстан мен Дағыстанда сел болып, үйлерді су басты

/
Шешенстан мен Дағыстанда сел болып, үйлерді су басты

Қатты жауын-шашын салдарынан Шешен Республикасы мен Дағыстанда сел болып, бірқатар елді мекендерді су басты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мыңдаған тұрғын жарықсыз қалып, өңірлерде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Махачкалада ондаған тұрғын үйді су басып, эвакуация жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Дербент пен Гудермес аудандарында өзендер арнасынан асып, жолдарды су шайып кетті.

Мамандардың мәліметінше, табиғи апатқа Оңтүстік Кавказ бен Түркиядан келген циклон және таудағы қардың еруі себеп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары