«Көмек керек»: Самат Смақов футбол жейдесін аукционға  шығарды

/
«Көмек керек»: Самат Смақов футбол жейдесін аукционға  шығарды

Қазақстандық танымал футболшы, кейінгі кезде бапкерлікпен айналысып  жүрген Самат Смақов өзінің футбол жейдесін аукционға шығарды. Ол дертке шалдыққан Олжас Мырзамұратқа көмектеспек, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Достар, біздің бауырымыздың басына қиын жағдай түсті. Олжас Мырзамұрат — Қазақстан футбол федерациясының, «Тараз» және «Қайрат» клубтарының бұрынғы қызметкері — ақпан айында ауыр инсульт алды. Қазір жағдайы күрделі, және ол біздің көмегімізге мұқтаж. Мен Португалия құрамасына қарсы, Криштиану Роналдумен ойнаған кезде киген Қазақстан құрамасының жейдесін аукционға қоямын. Түскен барлық қаражат Олжасқа көмек ретінде жіберіледі. Бағаларыңызды пікірге жазыңыздар — ең жоғары баға ұсынған адам жеңімпаз болады. Кез келген көмек маңызды», - деп жазған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары