Өскеменде 16 жастағы қызды пышақтаған күдікті ұсталды

/
Өскеменде 16 жастағы қызды пышақтаған күдікті ұсталды
istockphoto.com

Өскемен қаласында полиция 16 жастағы қала тұрғынына ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар сот сараптамалары жүргізіліп, тағайындалды.

«Күдіктіге қатысты “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Еске сала кетейік, облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың дәрігерлері ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген кәмелетке толмаған науқасқа шұғыл операция жасаған. Қыз бала қабылдау бөліміне ауыр пышақ жарақатымен және қан қысымы өте төмен – 70/40 мм сын. бағ. күйінде түскен.

Алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер құрсақ қуысы мен сол жақ жоғарғы аяқ-қолынан жарақаттарды анықтады. Хирургтер құрсақ қуысынан шамамен 3 литр қан тапқан. Операция 3,5 сағатқа созылып, науқастың жағдайы тұрақтандырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары