Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді – Президент

/
Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді – Президент
Ақорда

Бүгін Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекет тарапынан паралимпиада саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Былтыр елімізде 4 заманауи инклюзивті спорт кешені жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта осындай орталықтар әрбір аймақта көбірек ашылуы керек. Біздің демеушілер осы өте маңызды жұмыстан тыс қалмауы қажет деп ойлаймын. Жалпы, мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді, бұл бағытты қаржыландыру көлемі де ұлғайды. Параспортшыларымыздың өжет мінезі мен мұқалмас жігері – көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге. Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгіледі. Осыған орай, мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Баршаңызға құтты болсын! Амандық, табыс тілеймін! – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар